Нұр-Сұлтанда GGG-дің жекпе-жегін дауыс беріп жатып көруге болады
Сайлаушылар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллстың жекпе-жегін Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінде көре алады. Бұл туралы Sputniknews.kz сайты мәлім етті.
Кездесу ҚР Президентінің сайлауы күні – 9 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
«Біздің белгілі боксшы Геннадий Головкиннің халық тағатсыздана күткен жекпе-жегі таңғы сағат 7:00 мен 10:00 аралығында болады. Барлық сайлау учаскесінде дауыс беру залынан бөлек бөлме дайындап жатырмыз. Ол жерде Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалауға болады», - деді елорда әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или