Ұлттық спорт

Елордалық оқушыларға 5 мың асық сыйға тартылады

Елордалық оқушыларға 5 мың асық сыйға тартылады
news-banner7
mobile-news-top

Асық ату ұлттық ойынын балалар арасында насихаттау мақсатында елордалық балаларға 5 мың асық сыйға беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы елордалық оқушыларға 5 мың асықты сый ретінде бергелі отыр. Ондағы мақсат - ұлттық ойынымызды жасөспірімдер арасында кеңінен таратып, дәріптеу. Асықтарды астаналық мектептер мен аула клубтарына беретін боламыз. Яғни балалар өздігімен ойнап үйренулері үшін. Асық ату бұрыннан келе жатқан ойын. Сондықтан жас жеткіншектер арасында ұлттық құндылықты насихаттау жақсы идея деген ойдамын», - деді Болат Мажағұлов.

Одан бөлек, басқарма басшысы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Ханшатыр» сауда, ойын-сауық орталығы алаңында балдырғандарға арналған алаң жұмыс істейтінін айтып өтті.

«Онда балаларға қуыршақ театрының қойылымдары ұсынылып, асық ату және ләңгі тебуден ойындар өтеді. Сондай-ақ, отбасыларға арналған эстафеталық жарыстар ұйымдастырылады», - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер