Жанқош Тұраров: Әлем чемпионы атанғым келеді

Жанқош Тұраров: Әлем чемпионы атанғым келеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (22-0, 15КО) 1 маусым күні Кардиф қаласында өтетін жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz сайты.

Ол бұл кеште ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен (29-3-1, 23 КО) раундтық жекпе-жек өткізеді. Екі жыл бойы шаршы алаңға шықпаған Тұраров алдағы жекпе-жегі жайлы пікір білдірді.

- Сенбі күні Ұлыбританиядағы алғашқы кездесуімді өткізгелі отырмын. Мен барлығына дайынмын. Әрі MTK Global-ға осы мүмкіндікті бергені үшін алғыс айтамын. Менің ойымша, олар мені әлемдік деңгейге көтере алады.

Биыл әлем чемпионы атанғым келеді. Әрі сол үшін бар күшімді жұмсайтын боламын. Ол үшін ең алдымен 1 маусымдағы жекпе-жегімді сәтті аяқтауым керек деп жоспарлап отырмын.

Айта кетейік, Тұраров соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аргентиналық Бруно Леонардо Ромаяны (21-7, 8КО) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или