Ұлттық спорт

«Қазақстан барысына» 25 млн теңге табысталады

«Қазақстан барысына»  25 млн теңге табысталады
news-banner7
mobile-news-top

Жуырда еліміздің 36 үздік балуаны «Қазақстан барысы» атағы үшін тартысқа түседі.

«Қазақстан барысы» турнирі 8 маусымда 13:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімінен басталмақ. Тартысты белдесулер жеті сағатқа созылады деп жоспарланған. Шара аясында спорттық сайыстармен қатар концерттік бағдарлама мен керемет шоу өтеді деп күтілуде. «Қазақстан барысы» турнирінің биылғы жүлде қоры қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орын иегерлері сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 000 теңге беріледі. Турнир елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер