Головкиннің бапкері «Канеломен» үшінші жекпе-жекке болжам жасады

Головкиннің бапкері «Канеломен» үшінші жекпе-жекке болжам жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс мексикалық Сауль Альвареске қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.

- Бұл жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін. Мүлдем басқа жекпе-жек болады. 12 раундтық жекпе-жекке төтеп беру үшін тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Бірақ біз нокаутпен жеңуді қалаймыз. Сол себепті алдағы жекпе-жектен нокаут күтемін, - деді Бэнкс Fight Hub TV арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин <span>8 маусым күні Нью-Йорк қаласында өтетін бокс кешінде канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жұдырықтасады.</span> 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или