Ресейлік бапкер: Самат Смақовпен жұмыс істеу - кез келген жаттықтырушының арманы

Ресейлік бапкер: Самат Смақовпен жұмыс істеу - кез келген жаттықтырушының арманы

Ресейлік бапкер Алексей Петрушин Матч ТВ арнасына берген сұқбатында Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Самат Смақовты өзі бірге жұмыс істеген ең үздік футболшыға теңеді.

«Самат Смақовпен «Қайратта» таныстым. Мұндай футболшымен жұмыс істеу - кез келген жаттықтырушының арманы. Алаңда да, өмірде де көшбасшы, еңбекқор, бапкердің қолқанаты. Бұл кісіге кез келген уақытта сенуге болады. Оған және Андрей Карповичке», — деді Петрушин.

Айта кетейік, Алексей Петрушин Қазақстанда «Қайрат», «Ордабасы» және «Спартакты» жаттықтырған болатын. Самат Смақов болса «Елімай», «Ертіс», ресейлік «Ростельмаш», «Қайрат», «Ақтөбе», түркиялық «Ризеспор» және «Ордабасы» командаларында доп тепкен. Қазір «Ақтөбені» басқарып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или