Васильев: Смақов қарызын жеті жылда емес, бір айда қайтаруы тиіс

Васильев: Смақов қарызын жеті жылда емес, бір айда қайтаруы тиіс
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубының экс-директоры Дмитрий Васильев клубтың қазіргі таңдағы басшысы Самат Смақовтың үстінен арызданған болатын.

14 мамыр күні сотқа берген арызында Васильев «Ақтөбені» сатып алу кезінде Смақов заңсыз жолдарға барғанын атап өткен еді.

- Заңға сүйенсек, сатып алушы мүліктің ақшасын Смақов БАҚ өкілдеріне айтқандай 7 жылда емес, 30 күнде төлеуі тиіс. Әрине, бәссаудаға түскен барлық тарапты алдын-ала ескертсе қарыз қайтарудың уақытын 3 жылға дейін созуға болады. Сондай ақ, Смақовтың сұқбатынан байқағанымыздай, қарыз жеке тұлғаның есебімен емес, бірнеше тараптан төленіп жатыр. Оның ішінде бюджеттің қаржысы да бар. Егер бұл сотта дәлелденсе қылмыстық іс болып саналады - деді «Ақтөбенің» бұрынғы басшысы.

Айта кетейік, Васильев 2017 жылы «қаржы жымқыру» айыбымен сегіз жылға сотталып, кейін ол шартты жазаға ауыстырылған еді. Ал, танымал футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын өткен жылдың қаңтар айында 7 жылға сенімгерлік басқаруға алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер