Тамақтан уланып қалған қазақстандық футболшы Ресейде ем қабылдап жатыр

Тамақтан уланып қалған қазақстандық футболшы Ресейде ем қабылдап жатыр

Тамақтан уланып қалған «Тобылдың» ойыншысы Дмитрий Мирошниченко Мәскеуде қайта қалпына келу курсынан өтіп жатыр.

16 мамыр күні ауруханадан шыққан футболшы қазір Ресей астанасында емделіп жатыр. Ол ұлттық құраманың матчтарына орай ел чемпионатында болатын 15 күндік үзіліс кезінде қатарға қосылады деп күтілуде. Ал тамақтан уланған екінші футболшы Сенин Себаи қазіргі таңда командамен бірге жаттығып жүр.

Естеріңізге сала кетсек, қостанайлық футбол клубының екі ойыншысы Сенин Себаи мен Дмитрий Мирошниченко астан уланып қалған болатын. Бұл оқиғадан кейін «Тобыл» клуб дәрігері қызметіне отандық маман Вадим Ивановты алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или