Ойыншылары тамақтан уланған «Тобылға» жаңа дәрігер келді

Ойыншылары тамақтан уланған «Тобылға» жаңа дәрігер келді
news-banner7
mobile-news-top

Жұмысын дұрыс атқара алмаған бас дәрігерін қызметінен қуған «Тобыл» футбол клубына жаңа дәрігер келді, деп жазады Prosports.kz.

Қостанайлық клубтың баспасөз қызметі, клуб дәрігері қызметін енді отандық маман Вадим Иванов атқаратынын мәлімдеді.

Вадим Ивановтың мамандығы – дәрігер-хирург және спорт дәрігері. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы мен С. Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған.

Бұған дейін «Ақтөбенің» қосалқы құрамының, «Ақжайық» және «Атырау» командаларының дәрігері болған. Сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасының дәрігері қызметін де атқарған.

Айта кетейік, жұмысына салғырт қарағаны үшін «Тобыл» клубының дәрігері Александр Ким қызметінен босатылған болатын. Бұған себеп, қостанайлық клубтың екі бірдей ойыншысы - Сенин Себаи мен Дмитрий Мирошниченко тамақтан уланып, жансақтау бөліміне түскен. Кейін Себаи емханадан шығып, ал Мирошниченконың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатқаны белгілі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер