Канадалық сарапшы өз рейтингінде Садриддин Аxмедовті бірінші орынға қойды

Канадалық сарапшы өз рейтингінде Садриддин Аxмедовті бірінші орынға қойды

Канадалық сарапшы Джим Карас болашағынан көп үміт күттіретін боксшылардың рейтингін жасады.

Бірінші орынға WBC жастар чемпиондық белбеуінің иегері, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовты қойған. Екінші сатыға мексикалық Эдуардо «Рокки» Эрнандес жайғасты. Ал үздік үштікті жапон спортшысы Джунто Накатани түйіндеп тұр.

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал жетеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Енді ол 9-шы жекпе-жегін 9 маусым күні Канаданың Квебек қаласында өткізеді. Әзірге оның қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, Садриддин Аxмедов соңғы жекпе-жегінде индонезиялық Джон Рубаны төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или