«Астана Арланстың» бұрынғы боксшысы IBF чемпионымен жұдырықтасады

«Астана Арланстың» бұрынғы боксшысы IBF чемпионымен жұдырықтасады

Жақында америкалық Оксон Хилл қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов қана емес, «Астана Арланстың» бұрынғы боксшысы Филип Хргович те бой көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Хорват америкалық Грегори Корбинды жекпе-жектің бірінші минутында-ақ нокаутқа жіберді. Осылайша, WBC International титулын сақтап қалды.

RingPolska порталының мәлімдеуінше, «Астана Арланстың» бұрынғы боксшысы ОИ-2016 (Рио-де-Жанейро, Бразилия) қол жүлдегері, финдік Роберт Хелениуспен жекпе-жек өткізеді.

<span>Фин боксшысы соңғы тартысында неміс Эркан Теперден (19-3, 12 КО) басым түсіп, интерконтинентальдық IBF чемпионы титуылын жеңіп алған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или