«Ролан Гаррос». Тағы бір спортшымыз бірінші айналымды артқа тастады

«Ролан Гаррос». Тағы бір спортшымыз бірінші айналымды артқа тастады

Франция ашық біріншілігі – «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында Александр Бублик қарсыласынан басым түсті.

Отандасымыз неміс елінен келген теннисші Рудольф Моллекердың алдын орады. Матч екі жарым сағатқа созылды. Көрермендер екі тай-брейк көрді. Кездесу есебі: <span>7:5, 6:7, 6:1, 7:6. Енді Александр 29 мамыр күні Доминик Тим (Австрия) - Томми Пол (АҚШ) жұбынының жеңімпазымен кортта жолығатын болады.</span>

<span>Осыған дейін Зарина Дияс та турнирдің келесі кезеңіне өткен еді. Ал, 28 мамыр күні Михаил Кукушкин мен Елена Рыбакина жарыстағы жолдарын бастамақ. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или