Еліміздің бірінші нөмірі «Ролан Гарростан» шығып қалды

Еліміздің бірінші нөмірі «Ролан Гарростан» шығып қалды

«Үлкен дулыға» санатына жататын «Ролан Гаррос» турнирін еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева сәтсіз аяқтады.

Путинцеваның жолына швед елінің қызы Ребакка Петерсон бөгет болды. Матч 6:3, 7:5 есебімен Петерсонның пайдасына аяқталып, 1 сағат 37 минутқа созылды. 

Еске сала кетейік, Юлия Путинцева екі күн бұрын Нюрнбергте өткен WTA турнирін жеңіп алған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или