Францияда қазақтар тартысты көкпарды көрсетті

Францияда қазақтар тартысты көкпарды көрсетті

Қазақстанның көкпардан Жастар лигасы Франциядағы көрермендерге көкпар ойнауды көрсетті.

<span>Қазақтың ұлттық спорты Парижден 50 шақырым қашықтықтағы Фонтенбло қаласында 25-26 мамыр күндері өткен «Табиғат және аңшылық» фестивалі аясында көрсетілді. Көкпаршылардың тартысты ойыны фестивальдағы ең қызықты сәттердің бірі болды. </span>

<span>Көрермендер ұлттық ойынның ерекшелігімен, шығу тарихымен танысты. Оларға бірқатар тактикалық әдіс пен техникалық машықтардың құпиялары түсіндірілді.</span>

<span>2002 жылдан бері өткізілетін фестиваль бағдарламасында көкпармен қатар, ит жүгіртіп аң аулау, садақ ату, атқа міну өнері, сұңқар салу, аңшылық кернейшінің байқаулары кірді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или