Америкалық сарапшы Данияр Елеусіновке қарсылас таңдады
Ringsidereport порталының журналисі Гари Уильям промоутер Эдди Хирнге қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) пен британиялық Джош Келли (9-0, 6 КО) арасында екінші жекпе-жекті өткізуге кеңес берді.
<span>- Эдди Елесінов - Келли жекпе-жегін ұйымдастыру қажет. 2016 жылғы Олимпиаданың қатысушыларының уақыты келді, - деп жазды басылым.</span>
<span>Айта кетейік, Данияр Елеусінов пен Джош Келли 2016 жылғы Олимпиада ойындарының 1/8 финалында қолғап түйістірген. Ол жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын жеңіске жетті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или