Бүгін Парижде «Ролан Гаррос» турнирі басталады
Бүгін Парижде Франция ашық чемпионаты - «Ролан Гаррос» турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бұл дүбірлі додаға жекелей сында Қазақстаннан бес теннисші қатысады.
Юлия Путинцева бірінші айналымда швециялық Ребекка Петерсонға қарсы ойнаса, Зарина Дияс Франция өкілі Одри Альбимен кездеседі.
Александр Бублик Германия өкілі Рудольф Меллекермен, Михаил Кукушкин франциялық Мартин Клижанмен ойнайды.
«Ролан Гаррос» бәсекесі 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Қазақстандық спортшылар жарысты 27 мамыр күні бастайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или