«Ролан Гаррос»: Алғашқы қарсыластарымыз белгілі
Франция ашық біріншілігі – «Ролан Гаррос» турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Юлия Путинцева бірінші айналымда швециялық Ребекка Петерсонға қарсы ойнаса, Зарина Дияс Франция өкілі Одри Альбимен кездеседі.
Александр Бублик Германия өкілі Рудольф Меллекермен, Михаил Кукушкин франциялық Мартин Клижанмен ойнайды.
«Ролан Гаррос» бәсекесі 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Қазақстандық спортшылар жарысты 27 мамыр күні бастайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или