Хирн Головкин мен Елеусінов арасындағы жағдай жайлы пікірін айтты

Хирн Головкин мен Елеусінов арасындағы жағдай жайлы пікірін айтты

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Данияр Елеусінов арасындағы түсініксіздікке қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Басында Елеусінов Головкиннің ардеркардында жұдырықтасады деген ақпарат шыққан. Кейін Геннадийдің өзі Даниярды сол кештен алып тастағаны белгілі болды. Енді Данияр Елеусінов Қазақстан уақытымен 26 мамырда жұдырықтасады.

«Жағдайды толық білмейді. Головкиннің кардында шығатын бір-екі боксшымыз бар. Даниярдың неге енбей қалғанын білмеймін, GGG Promotions келісімін бермеген. Жағдайдан хабарым жоқ, кейде ол біз ойлағаннан да тереңде жатады», - деді Хирн IFL TV-ге берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или