Головкин америкалық нокаутермен спарринг өткізді
WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы алдағы жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жаттығу аясында қазақстандық боксшы америкалық Джонатан Эскивельмен спарринг өткізді. 24 жастағы боксшы бұл туралы өзінің Твиттерінде жазды: «Бүгін Геннадий Головкинмен спаррингке шықтым».
Айта кетейік, Эскивель кәсіпқой рингте 10 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтаған, 9-ы – нокаутпен.
Естеріңізге салсақ, Головкиннің келесі қарсыласы канадалық Стив Роллс болады. Жекпе-жек 9 маусымда Нью-Йоркте өтеді.
Қазір боксшы алдағы жекпе-жекке Шейн Мозлидің залында дайындалып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или