Елеусінов АҚШ-тағы айқас алдында салмақ өлшеуден өтті
Ертең таңғы мезгілде америкалық Оксон Хилл қаласындағы (Мэрилэнд штаты) MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде бокс шоуы болады. Оған жартылай орта салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) қатысады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>Алты раундқа есептелген жекпе-жектегі оның қарсыласы чилилік Луис Норамбуэна (3-1-1, 2 КО). Олар айқас алдындағы дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтті. </span>
<span>Оның қорытындысы бойынша Елеусіновтың салмағы 150,2 фунт, ал Норамбуэн одан жеңілдеу -149,4 фунт болды. </span>
<span>Жекпе-жек жексенбі, 26 мамыр күні таңертең болады. Бұл кездесу жайлы қазақстандық жанкүйерлер тікелей трансляцияны «Хабар» телеарнасы арқылы көре алады. Ол астаналық уақытпен 06:05-те басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или