Данияр Елеусіновтің қарсыласы белгілі болды

Данияр Елеусіновтің қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби бокс» парақшасына сілтеме жасап.

Елеусінов рингке Оксон Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында шығады. Бұл оның кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегі болмақ. 

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионының қарсыласы 27 жастағы чили спортшысы Луис Норамбуэна (3-1-1) болды.

«Хабар» телеарнасы аталмыш Даниярдың жекпе-жегін тікелей трансляцияда 26 мамырда елорда уақытымен 6:05-те көрсетеді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек еді. Алайда боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізді. 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или