Өскеменде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі ашылды

Өскеменде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі ашылды

Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі ашылды. Орталық Азияда баламасы жоқ бұл спорт нысаны барлық халықаралық стандарттарға сай.

Манеждің жалпы көлемі - 6910, 85 шаршы м., сыйымдылығы - 680 орын, құрылыс құны - 850 млн. теңге. Оның 700 млн. теңгесін «Қазатомпром» ҰАК», ал қалғанын «Парыз» қоры бөлген.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова Олимпиада чемпионы атанған күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев спорт нысанына оның есімін беруді уәде еткен екен.

«Елбасы саясатында азаматтардың жағдайын, әсіресе денсаулығына жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Өздеріңіз білесіздер, ол кем дегенде тұрғындардың 30% пайызын спортқа тарту міндетін қойды. Шығыс аймақтың тұрғындарының 25% спортпен шұғылданады. 3 жыл ішінде облыста 300 спорт нысаны салынды», - деді ШҚО әкімі.

Ашылу салтанатында балалардың бұл жерде жеңіл атлетикамен тегін айналыса алатыны айтылды. Шараға шақырылған қонақтардың ішінде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова мен Ольга Шишигина болды.

Манеждің ашылу салтанатында түрлі қызықты шаралар да өтті. Сочи Олимпиадасында бақ сынаған шығысқазақстандық спортшыларға Мальдив аралдарына жолдама тарту етілді. Ал, биатлоншы Галина Вишневская мен фристайлшы Юлия Галышеваға өңір басшысы пәтердің кілтін ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының президенті Павел Новиков облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты спорттың дамуына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгімен марапаттады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или