Мадияр Әшкеев NABF титулы үшін жұдырықтасады
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (11-0, 6 КО) ертең Туусон қаласында (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
23 мамыр күні АҚШ-тың Аризона штатында өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев америкалық Сесил МакКалаға қарсы жұдырықтасады.
Боксшылар Junior NABF титулын сарапқа салады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.
Кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімі өтіп, таразыда екеуі де бірінші орта салмақ ( (154 фунт) дәрежесін көрсетті.
Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегінде пуэрториколық Луис Эрнандесты (16-6-0) жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или