Ұлттық спорт

Президенттікке үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы Алматыда тоғызқұмалақтан турнир өткізді

news-banner7
mobile-news-top

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің Алматы қалалық сайлауалды штабы тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырды. Бұл туралы кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Турнирдің басты мақсаты - ұлттық құндылықтар қатарына жататын зияткерлік ойын түріне жас ұрпақтың ынтасын оятып, бұқаралық спорт түріне айналдыру. Тоғызқұмалақтан Алматы қалалық федерациясының президенті Еркебұлан Халеловтың бұл ойын түрімен шұғылданып келе жатқанына 25 жылдан асыпты.

«Қазақстанда тоғызқұмалақ жақсы дамыған. Ол қазір 20-30 мемлекетке кеңінен тарады. Ел командасы өте жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Өзім бас болып Алматы қаласындағы Арбатта былтыр жаз бойы тоғызқұмалақты үйренгісі келетіндерге кешкі 17-ден бастап, күн батқанша тегін үйреттік. Бұл жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға арналған ойын түрі болғандықтан, тек ресми ғана емес, бұқаралық сипатқа ие болса деймін», - дейді Еркебұлан Халелов.

«Бұл - ежелден келе жатқан ұлттық ойын түрі. Ықылым заманнан бері атадан балаға үзілмей жалғасып келе жатқан тоғызқұмалақты мектептерге арнайы пән ретінде енгізсе, оның одан әрі жанданатынына сенемін. Бүгін Сәдібек Түгел Алматыға келіп, турнир ұйымдастырып, жастарға ұлттық зияткерлік ойынымыздың маңызын ұғындырып бергендей болды. Өзім осы турнирге арнайы келдім»,- дейді түркітанушы-ғалым Рақымғазы Құсайынов.

Сәдібек Түгел жарысқа қатысушылармен бірге тоғызқұмалақ ойнап, оларды жеңіске жігерлендірді. Турнирге қатысқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Сара Жеткерген, Аружан Нартай, Гүлбану Мадияр және Алматы халықаралық сервис және менеджмент колледжінің студенттері Давид Василенко, Әлжан Жұбанғалиев , Алматы ақпарат техникалық колледжінің студенті Данил Захаровтар үздік ойын үлгісін көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер