АІВА Халықаралық Олимпиада Комитетінің мүшелігінен шығарылды
Халықаралық Олимпиада Комитеті Халықаралық Бокс Қауымдастығын (АІВА) мүшеліктен шығарды.
<span>Бұған дейін дауға іліккен АІВА Халықаралық Олимпиада Комитетінен шығарылуы мүмкін екені туралы бірнеше мәрте мәлімдеме жасалған еді. ХОК </span>АІВА-дағы қаржы, басқару, этика және төрешілік сұрақтарын шешу мақсатымен 2018 жылдың 30 қарашасында арнайы комиссия құрған болатын. Ұйымдағы шешімін таппаған мәселелер 2017 жылы анықталып, оны реттеуге уақыт берген болатын. Алайда аталған сұрақтарды ойдағыдай шешу мәселесі байқалған жоқ.
Осы себепті енді <span>Халықаралық Бокс Қауымдастығы ХОК-тың мүшелігінен шығарылды. Оның мүшелікке қайтару мәселесі 2020 жылғы Токио Олимпиадасынан кейін қайта қаралады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или