Қазақстандық нокаутер Головкиннің бапкерімен жұмыс жайлы айтты
Қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) жаңа бапкер Джонатон Бэнкспен жұмыс жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Көп жұмыс істейміз, күн сайын ауыр еңбек. Өсуіміз, үйренуіміз керек. Жалғыз қажет нәрсе – жұмыс істеу, жұмыс, жұмыс қана. Қазіргі жағдайыма бақыттымын, бұл адамдармен жұмыс істеп жатқаным ұнайды», - деді Ахмедов.
Айта кетейік, Әли Ахмедов 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық Геннадий Головкин мен Стив Роллс жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады. Қарсыласы америкалық Маркус Макдэниэл (15-0, 2 КО) болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или