Елеусінов қолдау білдіргені үшін Шариповаға алғыс айтты

Елеусінов қолдау білдіргені үшін Шариповаға алғыс айтты

Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов отандасы Фируза Шарипованың алдағы жекпе-жегіне сәттілік тіледі, әрі Геннадий Головкинмен болған жағдайға байланысты қолдау білдіргеніне алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Фирузаның мансабына сәттілік тілеймін. Алдағы маңызды жекпе-жегінде чемпиондық атағын қорғап қалуына тілектеспін. Өте маңызды бокс кешінде бақ сынғалы отырған оған бүкіл ел қолдау танытатын болады. Сонымен қатар, <span>Геннадий Головкиннің </span>андеркардында өнер көрсете алмауыма байланысты қолдау көрсеткеніне алғыс айтамын. 

Мен Фирузаны әуесқой бокста жүрген кезден жақсы білем. Ерлер және әйелер құрамалары бірге жаттығу өткізген кездерде онымен бірнеше мәрте кездескенмін. Біздің елде әуесқой бокстың өте жақсы мектебі қалыптасқан. Бұл кәсіқой мансапты дамытуға да өз көмегін тигізеді. Сондықтан да, біздің елден шыққан мықты боксшылар көп. Олардың арасында мықты бұрымды боксшылар да бар. Мен <span>Фирузаның</span> табысқа жететініне сенімдімін», - деді Елеусінов.

Айта кетейік, <span>8 маусымда өтетін Головкин — Роллс жекпе-жегінің андеркардында Данияр Елеусінов те шаршы алаңға шығуы керек болатын. Осыған бола Елеусінов 25 мамырға жоспарлап отырған кезекті жекпе-жегін кейінге шегерген еді. Алайда Головкин қарсы болғандықтан Елеусінов бұл кеште өнер көрсете алмайтын болды. </span>

<span>Осыған байланысты ақпарат құралдарында үлкен дау туындаған. Сол барыста қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова да пікір білдіріп, Головкиннің неге бұлай істегенін түсінбейтінін айтқан. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или