Бокс

WBA Бейбіт Шүменовті «демалыстағы чемпион» деп таныды

WBA Бейбіт Шүменовті «демалыстағы чемпион» деп таныды
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің (18-2, 12 КО) чемпиондық белбеуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Осы жылдың басында WBA Бейбіт Шүменовті бірінші ауыр салмақтағы «уақытша» чемпионы Арсен Гуламирянмен (24-0, 16 КО) жекпе-жек өткізуді міндеттеген болатын. Жақында француз боксшысының бапкері Абель Санчес The Ring Digital берген сұқбатында жекпе-жектің Бейбіт Шүменовтің жарақат алуына байланысты өтпеуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

«Бейбіт Шүменов бос чемпиондық титулды 2018 жылдың 7 шілдесінде Хизни Алтункаяны жеңіп, иемденді. 2019 жылдың 28 қаңтары күні Чемпиондық Комитет Шүменов - Гуламирян жекпе-жегін өтізу бойынша сауда болатынын жариялады. Don King Productions саудада жеңіске жетіп, жекпе-жекті 11 мамыр күні өткізу туралы шешімге келді. 2019 жылдың 10 мамыр күні Don King Productions Шүменов бірнеше ай бойы денсаулығына, физикалық жағдайына байланысты жаттығу өткізу, бокспен шұғылдануға шамасы болмаған. Қазір Шүменов «демалыстағы чемпион» атанды», - делінген WBA ресми сайтындағы хабарламада.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер