Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) жекпе-жегін қай телеарна көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Олимпиада чемпионы <span>25 мамыр күні Усик - Такама жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. </span>

<span>27-жастағы мексикалық Мигель Самудио (43-12-1, 27 КО) Данияр Елеусіновпен жұдырықтасады деген ақпарат бар. Алайда әзірге отандысымызды қарсыласы кім болатыны ресми жарияланған жоқ.<br /></span>

<span>Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов 8</span> маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) андеркартында шаршы алаңға шығу қажет болатын. Алайда артынша қос тарап келісе алмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или