Ресейлік желаяқ 10 км бағындырғаннан соң қайтыс болды

Ресейлік желаяқ 10 км бағындырғаннан соң қайтыс болды

Ресейлік желаяқ Владимир Корчевский Мәскеу жартылай марафонында 10 шақырымды бағындырғаннан соң қайтыс болды.

<span>Белгілі болғандай, спортшы Лужнецк жағалауына келгенде өзін нашар сезінген, алайда дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Ол мәрені 57 минут 27 секундта кесті.</span>

<span>Владимир Корчевский марапатын алып, «Лужников» аумағынан шыққанда өзін қайта нашар сезінген. Алайда дереу жеткен жедел жәрдем қызметкерлері спортшыны аман сақтап қала алмады.</span>

<span>Айта кетейік, Мәскеу жартылай марафоны Ресейдегі ең ауқымды марафон саналады. Биыл 6-шы рет ұйымдастырылды. Жарысқа 48 елден 20 000 желаяқ келген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или