Спартакиада финалында бақ сынайтын боксшы қыздарымыз белгілі
Шымкент қаласында бокстан қыздар арасындағы Қазақстан спартакиадасының финалына жолдама алған боксшыларымыз белгілі болды, деп хабарлайды Prosport.kz сайты.
<span>Спартакиаданың финалында 48 келіде Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы) мен Әнел Құдайберген (Алматы облысы), 51 келіде Назым Қызайбай (Алматы қаласы) мен Жайна Шекербекова (Шымкент қаласы), 54 келіде Дина Жоламан (Ақмола облысы) және Аида Тұяқбай (Шымкент қаласы), 57 келіде Сәния Сұлтанқызы (Нұр-Сұлтан қаласы) және Айжан Қожабекова (Қарағанды облысы), 60 келіде Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) мен Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан қаласы) бақ сынайды. </span>
<span>Ал 64 келіде Милана Сафронова (Қарағанды облысы) және Мәдина Нұршаева (Шымкент қаласы), 69 келіде Дариға Шәкімова (Алматы қаласы) мен Баян Ақбаева (Ақмола облысы), 75 келіде Ақерке Бақытжан (Қызылорда облысы) мен Гузаль Садықова (Алматы облысы), 81 келіде Фариза Шолтай (Шымкент қаласы) және Мөлдір Базарбаева (Ақмола облысы), 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева (Нұр-Сұлтан қаласы) мен Дина Исламбекова (Түркістан облысы) алтын медальді сарапқа салады.</span>
<span>Спартакиада финалы 18 мамыр күні елорда уақытымен 12.00-де басталады. Қазақстан бокс федерациясы сайтынан тікелей көрсетілім жасалады. </span>