Головкин Данияр Елеусіновтің орнына өзбек боксшысын таңдады
Бүгін белгілі болғандай қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин - Роллс жекпе-жегінің андеркартында жекпе-жек өткізбейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Данияр Елеусіновтің орнына бұл кеште өзбек боксшысы Исраил Мадримов шығады. Геннадий Головкин андеркартқа Данияр Елеусіновті емес, өзбек боксшысын таңдаған.

Енді отандасымыз 25 мамыр күні АҚШ-тың Мэрилэнд штатында жұдырықтасады.

Айта кетейік, алғашқыда Данияр Елеусінов 25 мамыр күні Усик - Такама жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығуға қажет болатын. Алайда артынша Олимпиада чемпионы Головкиннің андеркартында қолғап түйістіреді деген ақпарат шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или