Головкин мен Роллстан сынама алынады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның қарсыласы канадалық Стив Роллс жекпе-жек алдында Допингке ерікті тестілеу қауымдастығының (VADA) бағдарламасына қосылды.
VADA-ның тыйым салынған заттарды қолдануға қарсы күрес бағдарламасы аясында қос боксшы допингке кез келген уақытта тексерілетін болады. «VADA Testing Геннадий Головкин мен Стив Роллсты біздің бағдарламада көруге қуанышты! #ТазаБокс», - деп жазылған қауымдастықтың Twitter-дегі парақшасында. Еске салайық, Головкин-Роллс айқасы 8 маусымда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Олар ешбір титулға таласпайды. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл, Геннадийдің DAZN стримингтік сервисіндегі және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстың басшылығындағы дебютті жекпе-жегі.