Головкин Санчеспен соңғы рет не жайлы сөйлескенін айтты
Бірнеше тұжырымдар бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчеспен ешқандай дау-жанжалсыз айырылысқанын айтты.
<span>GGG мен Абель қаржылық жағынан келісе алмаған.</span>
<span>Санчестің айтуынша, Головкин бапкерлік төлемдерді бірден қысқартуды талап еткен. Маман бірлескен жұмысты тоқтату туралы жария етілгеннен кейін қамқорлығындағы бұрынғы боксшыны ашкөз және жақсылық істегенді білмейтін адам деп атады.</span>
<span>Абель сен кеткеннен кейін сен туралы көп сөз айтты. Бұл туралы не ойлайсың?</span>
<span>«Бұл Абельдің шаруасы. Соңғы рет сөйлескеніміз есімде. Мен оған қоңырау шалып былай дедім: «Абель, барлығы үшін көп рахмет. Мен сізді құрметтеймін, сіз керемет бапкерсіз және маған көп нәрсе үйреттіңіз. Үлкен рахмет», - деп жауап берді Геннадий журналист Крис Мэнникске берген сұхбатында.</span>