IBF: GGG жеті саты жоғарылады
<span>Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ көрсеткіштерінде боксшылардың ай сайынғы рейтингісінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды </span>Prosports.kz сайты.
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 10-шы орыннан 3-ші орынға көтерілді. Көшті мексикалық боксшы Сауль Альварес бастаса, екінші сатыда украин боксшысы Сергей Деревянченко тұр.
Мейірім Нұрсұлтанов бір сатыға жоғарылап, 12-ші орынға жайғасты.
Жартылай орта салмақта Бақтияр Эюбов бір орын төмен жылжып, 14-орынға түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или