Воскобоева жұптық сында Мадрид турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Мадрид турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық-ресейлік жұп екінші айналымда осы турнирдің екінші ракеткасы болып тіркелген америкалық Николь Меличар мен чехиялық Квета Пешкемен кездесті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Воскобоева мен Кудерметова 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Олар бұдан бұрын дәл сондай есеппен алғашқы айналымда тағы бір америкалық Ракель Атаво мен словениялық Катарина Среботниктен басым түскен болатын.
Енді Воскобоева мен Кудерметова жартылай финалға шығу үшін осы турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген германиялық Анна-Лена Грёнефельд пен Нидерланды елінің Деми Схюрспен таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или