Данияр Елеусінов қазақстандық боксшымен спарринг өткізді

Данияр Елеусінов қазақстандық боксшымен спарринг өткізді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) жекпе-жегіне дайындық барысында қазақстандық боксшы Сергей Карбивнычиймен спарринг өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы 369 Agency твиттер парақшасында мәлімдеді. Данияр Елеусіновтің спарринг қарсыласы болған Сергей Карбивнычий кәсіпқой боксқа енді қадам басқалы жатыр.

<span>Айта кетейік, Данияр Елеусінов 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) пен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или