Зарина Дияс «жүздікке» қайта енді
Қазақстандық Зарина Дияс бүгін жаңартылған рейтингте үздік 100 теннисшінің қатарына енді.
<span>Осыған дейін 115-орында тұрған қазақстандық теннисші 98-сатыға көтерілді. Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF турнирін жеңген соң рейтингіде көтерілді. </span>
<span>Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 41-ден 43-орынға төмендеді. Путинцева Мадрид жарысында табысты өнер көрсетсе, өз рейтингісін қайта жақсарта алады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или