«Іш пыстырды». GGG-ге Альварес – Джейкобс жекпе-жегі ұнамаған
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Альварес пен Джейкобстың жекпе-жегі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бүгін ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе көрген жоқпын. Жай ғана жақсы спарринг-матч болды. Іш пыстырды. Жанкүйерлер бұдан да жақсысына лайық», - деп жазды Головкин инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетсек, бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-ның шаршы алаңында мексикалық Сауль <span>«</span>Канело<span>»</span> Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс WBA Super, WBC және IBF белдіктеріне таласты.
Айта кетейік, жекпе-жек 12 раундқа созылды. «Канело» ұпай санымен жеңіске жетті.
Бұрынғы қарсыластарының жекпе-жегін Геннадий Головкин де тамашалады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или