Альварес Лас-Вегаста Джейкобсты жеңді

Альварес Лас-Вегаста Джейкобсты жеңді

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лас-Вегастағы T-mobile аренада өткен кездесуде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары орта салмақта WBC, WBA және IBF белбеулерін сарапқа салған. Бұл сында мексикалықтың жолы болды. Төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бүгінгі қос боксшының бірін жеңіп, бірінен жеңілген отандасымыз Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қарсыласы канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10КО).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или