Головкин жаңа бапкерін таныстырды
Геннадий Головкин енді американдық бапкер Джонатан Бэнкспен бірге жұдырықтасу кештеріне дайындық жүргізетін болады.
Джонатан Бэнкс қазақстандық боксшыдан үш айға кіші. Бұрынғы боксшы, 2008 жылы ауыр салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына қол жеткізген еді.
Бапкер ретінде Бэнкс Владимир Кличкомен жұмыс істеген. Әйгілі Эмануэль Стюардтың көмекшісі болып бастаған Джонатан, Стюард өмірден озған соң, украиналық былғары қолғап шеберін өз қарамағына алған еді.
- Жеткен жетістіктерімді негізге ала отырып, боксшы ретінде әлі де дами түскім келеді. Джонатаннан үйренерім көп. Бірігіп жақын арада үлкен жетістіктерімізге жететінімізге сенімдімін - деді экс-чемпион Геннадий Головкин.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или