Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің финалына өтті
Зарина Дияс жапониялық Гифу қаласында өтіп жатқан Kangaroo Cup International Ladies Open Tennis 2019 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
Жартылай финалдық сайыста қазақстандық теннисші Аустралия елінің өкілі Мэддисон Инглиспен кездесті. Дияс үш сетте - 1:6, 6:4, 6:1 есебімен қарсылас жеңді.
Финалда жерлесіміз қытайлық теннисші Лян Эн Шуомен сынға түседі.
Турнирдің жүлде қоры 80000 АҚШ долларын құрайды.
Зарина Дияс (Қазақстан) – Мэддисон Инглис (Аустралия) 1:6, 6:4, 6:1
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или