Нұртас Әжбенов Англияда жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (4-0, 1КО) Ұлыбританияда жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Ньюкасл қаласындағы Eagles Community кешенінде өтетін бокс кешінде Нұртас Әжбенов ресейлік Борис Шикуновпен (1-1-2) қолғап түйістірді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бардық алты раундқа жалғасып, төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.</span>
<span>Айта кетейік, Нұртас Әжбенов соңғы жекпе-жегінде британиялық боксшы Крис Адавейді (8-50-4, 1 КО) ұпай саны бойынша жеңіске жетті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или