Бакуде өткен халықаралық турнирде боксшыларымыз 5 медаль жеңіп алды

Бакуде өткен халықаралық турнирде боксшыларымыз 5 медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Бакуде өткен Президент Гейдар Алиевтің Кубогына арналған халықаралық турнирге қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

63 келіге дейінгі салмақта Тоқтасын Бабаханов алтыннан алқа тақты. Ислам Махашев (54 келі), Елнұр Сүйінбай (57 келі) және Нұрдос Қуаныш (75 келі) күміс медаль жеңіп алды. Ал Жанболат Ғалымов (80 кг) турнирдің қола жүлдегері атанды.

Турнирге еліміз атынан 10 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или