Қазақстандық боксшы Ұлыбританияда шаршы алаңға шығады
Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (4-0, 1КО) келесі жекпе-жегін 3 мамыр күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ұлыбританияның Ньюкасл қаласындағы Eagles Community кешенінде өтетін бокс кешінде Нұртас Әжбенов ресейлік Борис Шикуновпен<span> </span>(1-1-2) қолғап түйістіреді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептеліп отыр.
Айта кетейік, Нұртас Әжбенов соңғы жекпе-жегінде британиялық боксшы Крис Адавейді (8-50-4, 1 КО) ұпай саны бойынша жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или