Мадияр Әшкеев америкалық боксшымен қолғап түйістіреді
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (11-0, 6 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
23 мамыр күні АҚШ-тың Аризона штатында өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев америкалық Сесил МакКаламен жекпе-жекке шығады. Ол Кәсіпқой бокста 24 кездесу өткізіп, 21 кездесуде жеңсе, 3 кездесуде жеңілген. Бір айта кетерлігі қарсылас ешқашан нокаутқа түспеген. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегінде пуэрториколық Луис Эрнандесты (16-6-0) жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или