Де ла Хойя: Мен Головкин секілді ақша үшін ешқашан бапкерден бас тартқан емеспін
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Геннадий Головкинді тағы да тілге тиек етті.
-Иә, мен мансабымда алты бапкер ауыстырдым. Бірақ, бірде-бірінде қаржы мәселесі себеп болған емес. Мен өзімді алға жетелейтін, бокстың қыр-сырын тағы да тереңдете үйрететін, жаңа деңгейге көтеретін бапкер іздеумен болдым. Егер, Гена өз бапкерінен ақша үшін бас тартса, ол тек, бизнесті ғана ойлайтын болып шығады. Спорт, жеңіске деген жігер қайда қалды? Бұндайды мен құптамаймын. Ақшаның ізінен кетіп, тарихта із қалдыруды ойламайсын. Жеңімпаз рухыңды жоғалтасың.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или