Азия чемпионатының алғашқы «алтынын» өзбек боксшысы алды
Бангкокта өтіп жатқан (Таиланд) Азия чемпионатының финалдық кездесулері басталды.
49 келі салмақ санатында алтын жүлдені өзбек боксшысы Нодиржон Мирзахмедов жеңіп алды. Ол финалда Үндістан спортшысын жеңді.
Дәл осы салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов қола медаль алды. Ол жарақатына байланысты жартылай финалдық кездесуге шыға алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или