Азия чемпионатының финалына төрт боксшымыз шықты
Таиландт астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың ақтық сынына ерлер арасында төрт қазақстандық боксшы жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Закир Сафиуллин үндістандық қарсыласын жеңсе, 81 келіге дейінгі салмақтағы Бек Нұрмағанбет Қырғызстан боксшысынан басым түсті.
Сонымен қатар, 91 келіден жоғары салмақтағы отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев Үндістан елінің өкілі жартылай финалдық кездесуге шықпауына байланысты ақтық сынға жолдама алды. Ал 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахмет түркменстандық Нурсахата Паззыевты 20 секундта жеңіп, финаға шықты.

Василий Левит (91 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі) және Теміртас Жүсіпов (49 келі) бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.