Бокс

Қош бол, Санчес

Қош бол, Санчес
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта әлем чемпионы болған Геннадий Головкин 9 жыл жаттықтырған бапкері Абель Санчеспен енді жұмыс істемейтінін айтты.

Бокс сарапшысы Уәлихан Қосанбай осы жаңалық жайлы өз ойын айтты:

-Негізі адамның барлығына өзгерістердің болып тұрғаны керек-ақ. "Канелоға" қарсы өткен екінші кездесуде Головкиннің арсеналы таусылғаны байқалды. Енді боксшымыз жаңа бапкермен және жаңа тыныспен қайта оралады деп сенейік. Санческе түк өпке жоқ. Головкинді Америкаға ашып берді. Америкаға ғана емес, Қазақстанға да ашып берді ғой. Барлық шәкіртінен ерекше қарап, қатты құрметтеді. Генаны кәсіпқой бокста 21 кездесуге дайындады. Осы бапкермен ол әлем чемпионы деген белбеулерді жеңіп алды. Бапкерге де сәттілік тілеп қояйық.

Генадий Головкин тек бапкерін ғана ауыстырған жоқ. Жаттығу лагерін де. Өйткені, Биг Беар Санческе тиесілі зал. Головкин жақын уақытта жаңа бапкерінің есімін жария етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер